KZ RU EN

"Isource" ЖШС

Веб-сайттарды әзірлеу және қолдау, Ақпараттық технологиялар консалтинг қызметтері және
E-Commerce шешімдері, бизнесті цифрлық трансформациялау, хостинг және домендік атауларды тіркеу

Бизнесіңізге арналған веб-шешімдер
Кәсіби және жауапты жұмыс
IT технологиялары арқылы табысты арттыру
Бухгалтерия үшін ресми құжаттар ұсынылады

Ақпараттық технологиялар саласындағы қызмет 2005 жылдың ақпан айында «Skynet» ЖК ретінде басталды. 2019 жылы "West Tech" ЖШС заңды тұлғасы тіркелді, ал 2024 жылы компания "Isource" ЖШС ретінде қайта ұйымдастырылды.

Біз Батыс Қазақстан өңіріндегі және Қазақстан Республикасының басқа аймақтарындағы кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға бәсекеге қабілетті бағамен кәсіби IT қызметтерін ұсынамыз.

Қызметтер

Қазақстанда интернет кеңістігінде болу — бұл енді сән-салтанат емес, кез келген ұйым үшін қажеттілік. Корпоративтік сайт клиенттердің компанияны табуына мүмкіндік береді, бәсекелестік артықшылықтарды күшейтіп, клиенттік базаның өсуі арқылы табысты арттырады.

1

IT консалтинг және цифрлық трансформация

IT саласында кәсіби кеңес беру қызметтері (жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау), сондай-ақ e-commerce шешімдері (банк карталары арқылы онлайн төлемдерді қабылдау).

CRM жүйелерін енгізу және заманауи IT шешімдер арқылы бизнес-процестерді автоматтандыру және цифрландыру.

2

Web дизайн және бағдарламалау

Кез келген күрделіліктегі веб-сайттар мен жобаларды әзірлеу және қолдау. Қолданыстағы сайттарды редизайн жасау және жаңғырту.

3

Web жобаларды интернет желісінде орналастыру

Сайттарды орналастыру (серверді жалға алу — хостинг) және домендік атауларды тіркеу (www.атауы.kz) бойынша кеңес беру.

Заманауи технологиялар

Жобаларды іске асыру үшін заманауи, тиімді және сенімді технологиялар қолданылады.

Мобильді бейімделу

"Isource" ЖШС әзірлеген барлық сайттар толықтай бейімделген. Сайттың бөлек мобильді нұсқасын жасаудың қажеті жоқ.

Команда

Қызметтерді уақытында орындау үшін жергілікті және шетелдік IT мамандармен ынтымақтастық орнатамыз.

«Ashyk Kogam» әлеуметтік даму және инновациялар қоры

2025 жылы Ashyk Kogam үкіметтік емес ұйымы үшін сайт әзірленді.

Үш тілдегі сайт (KZ / RU / EN).

Стартап жоба — онлайн сараптамалық кеңес беру платформасы

eKenes.kz — құқық, экономика, медицина, IT және басқа салалардағы сарапшылар клиенттерге кәсіби кеңес беретін онлайн платформа.

Құрылыс саласы

2020 жылы «Бетонникс» ЖБИ зауыты үшін лендинг сайт әзірленді.

Толық SEO оңтайландыру жүргізілді.

Колледж сайты

Батыс Қазақстан академиялық «АТиСО» колледжі үшін сайт әзірленді.

Қоғамдық тамақтану саласы

Cash караоке клубы (Орал және Атырау) үшін сайт әзірленді.

Жеткізуге тапсырыс беру, зал мен үстелді брондау үшін интерактивті формалар орнатылды.

Жеке мектеп және балабақша сайты

Хисмет Қапанов атындағы Орал халықаралық гимназиясы үшін сайт әзірленді.